Дастан Сәтпаевтың командасы АПЛ-де неге чемпион бола алмай жүр? – Бапкер бар шындықты айтты

фото: Enzo Maresca

"Челси" бапкері Энсо Мареска командасының осы маусымда Англия чемпионаты үшін күресу мүмкіндіктерін бағалады, деп хабарлайды деп хабарлайды Astana TV  Aladop.kz-ке сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, қазіргі жағдайда “Көктерге" ең алдымен ойындағы тұрақтылық жетіспейді.

"Егер біз үнемі тұрақты ойын көрсете алсақ, ең мықты командалардың қатарында болар едік. Бірақ қазір нәтижелеріміз ойын сайын өзгеріп отыр. Бұл кемшілікті жою маусымның екінші жартысындағы басты міндеттеріміздің біріне айналады” - деді Энсо Мареска BBC Sport-қа берген сұхбатында.

Маман сонымен бірге, команданың әлі өсіп келе жатқанын, құрамында жас футболшылар көп екенін және оларға уақыт пен сабыр қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, маусымның екінші бөлігі "Челси" үшін нағыз сынақ болады.

Қазіргі уақытта Лондондықтар Ағылшын Премьер лигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Бұл нәтиже чемпиондыққа тікелей таласуға жеткіліксіз болса да, чемпиондар лигасына жолдама алу үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік береді.