Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында автожолдардағы қозғалыс уақытша шектелді.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, боран, көрінудің нөлге дейін төмендеуі және қар аралас жаңбыр түріндегі жауын-шашын салдарынан енгізілген.
Республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде қозғалыс тоқтатылды:
Абай облысында:
- Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Қалбатау ауылы тұсынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі бөлігі.
Шығыс Қазақстан облысында:
- Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейінгі учаскесі.
Жетісу облысында:
- Үшарал – Достық автожолының Көктума кентінен Достық станциясына дейінгі аралығы.