Жолаушы ұшақта көз жұмды. Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған әуе кемесі Алматыға шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған. Самолет мегаполиске тұрақтаған соң әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы дереу жіберілген. Алайда шетел азаматы ұшу кезінде қайтыс болып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, марқұм жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған көрінеді.
ЛӘЗЗАТ ҚАСЫМЖАНОВА, ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған факті бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.