Жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді: министрлік үндеу жасады

Жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді. Отшашуды ойыншықпен шатастырғандар түрлі  жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шығады. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. Жаңа жыл қарсаңында каникулға шыққан оқушылардың қауіпсіздігін қаперде ұстау маңызды. Отшашуды балалардың жағуына болмайды. Притехниканы үй ішінде, балконда және тұрғын үй маңында атуға тыйым салынған. 18 жасқа толмағандарға притехника сатқандар заңмен қудаланады.