Қызылжарлық шебер балшықтан жылқы кескінін жасады

Қызылжарлық шебер балшықтан жылқы кескінін жасады. Евгения Крутевич бала кезден бергі арманын жүзеге асыруда.  Осы уақытқа дейін жиһаз цехында жұмыс істеп, тәжірибе жинаған, биыл осы іске ден қоя бастапты. Түрлі шеберлік шыңдау сабақтары мен ғаламтордағы онлайн курстарға қатысқан. Қолөнерші бүгінде 50ге жуық қуыршақ жасаған. Әр композицияға кем дегенде 2 апта кететін көрінеді.  Шебер әсіресе ертегі кейіпкерлерін жасауға құмар. Енді  ол көрмелерге қатысуды көздеп отыр.

ЕВГЕНИЯ КРУТЕВИЧ, ШЕБЕР:

Мен полимерлі балшықты қолданамын. Мына ат тым үлкен болғандықтан пешке сыймады. Сосын оны екіге бөлуге тура келді. Аттың пропорциясын сақтау қиын болды. Жылқының жүгені мен ер таза былғарыдан жасалған. Сонымен қатар, киіміне құндыз терісін пайдаландым.