Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің электр қалқанында өрт шықты.
Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері өртті 6 шаршы метр аумақта жедел түрде сөндірді.
Подъездегі қатты түтінденуге байланысты ТЖМ қызметкерлері үш буынды сатының көмегімен терезе ойықтары арқылы 17 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарып қалды.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.