Қазақстан ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы жетуі қиын жерлерде және қауіпті жағдайларда аса күрделі міндеттерді орындауды жалғастыруда.
2025 жыл Республикалық жедел-құтқару жасағы үшін қарбалас әрі жауапты жыл болды. Жыл басынан бері құтқарушылар 519 жедел шығу жасады. Олардың кәсіби, әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында 203 адам, оның ішінде 35 бала құтқарылды.
Ұйымшыл құрылым, заманауи жабдықтар және жоғары дайындық деңгейі Қазақстан ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына мобильді болып, тәулік бойы көмек көрсетуге дайын болуға мүмкіндік береді.