World boxing нұсқасы бойынша Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшылары» атанды

«World Boxing» халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» атағына арналған дауыс беру аяқталды.

Ерлер арасында бұл номинацияда Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды. Ол жанкүйерлер тарапынан ең көп дауыс жинады.

Әйелдер арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша Наталья Богданова жыл үздігі деп танылды.

Сондай-ақ Астанада өткен Әлем кубогының ширек финалындағы Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джуд арасындағы кездесу жылдың ең үздік жекпе-жегі ретінде таңдалды.

Айта кетейік, дауыс беру Instagram әлеуметтік желісінде өтті. Әрбір «лүпіл» бір дауысқа тең болды.