Қостанай облысында Целинное ауылынан 2 км қашықтықта орналасқан ауыларалық жолда қар құрсауында жеңіл автокөлік тұрып қалды. Көліктің ішінде шетел азаматы болған.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жіберілді.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында көлік қар құрсауынан сәтті шығарылды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болған жоқ.