«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, жексенбіде еліміздің 13 облысында дауыл соғады. Кей аймақтарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында қар аралас жауын жауып, боран күшейеді. Шығыс Қазақстанда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.
Ал Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл және Түркістан облыстарында тұман түседі.
Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.