Биыл 93,1 мың педагог аттестаттаудан өтті

Фото: pixabay

Биыл алғаш рет республика бойынша "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы іске қосылды. 

Платформа арқылы барлығы 93,1 мың педагог біліктілік санаттарына өтініш берді,

Платформада мұғалімге қатысты мәліметтер бірнеше мемлекеттік дерекқордан автоматты түрде алынады. Қызмет орны, еңбек өтілі, білім деңгейі мен кәсіби жетістіктері бір жүйеге жинақталып, қағазбастылық толықтай жойылды. Цифрлық формат аттестаттаудың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етіп, адами факторды барынша азайтты.

2025 жылы автоматтандырылған жүйеде тек "педагог-модератор" және "педагог-сарапшы" біліктілік санаттары бойынша аттестаттау жүргізілді.
Қазіргі таңда орта білім беру жүйесінде біліктілік санаттары бойынша 104 999 – "педагог", 126 688 – "педагог-модератор", 95 438 – "педагог-сарапшы", 82 632 – "педагог-зерттеуші", 2 973 – "педагог-шебер" еңбек етуде.