Солтүстік Еуропа елдері «Йоханнес» қысқы дауылымен бетпе-бет келді. Салдарынан Швецияда екі адам опат болды.
Оның біріне Кунгсбергет тау-шаңғы курортының маңында ағаш құлаған. 50 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Ал екіншісі – коммуналды компанияның қызметкері. Ол жұмыс барысында қаза болды.