Қазақстан ТЖМ таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
- маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;
- 112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;
- ауа райы болжамын тексеріңіз – тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;
-жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;
-дене дайындығыңызды пысықтаңыз – әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;
-егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса – тауға шығудан бас тарту ұсынылады.Жаңадан жауған қалың қар байқалса – сапарды 2–3 күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс!