Шымкент қаласы Абай ауданында бір отбасының сегіз мүшесі табиғи газдан уланды.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері барды.
- Алдын ала болжам бойынша, улану себебі — түтіндік мұржаның қауіпсіздік талаптарына сай болмауы. Улану салдарынан сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда, — делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.