Көктайғақ, бұрқасын: синоптиктер ескерту жасады

Фото: pixabay

Еліміздің басым аймақтарында көктайғақ, бұрқасын соғып, аяз күшейеді. 

Қызылорда облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік пен орталықта жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде, ал батысы мен солтүстігінде күндіз қар жауып, төменгі боран болады. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың батысында оңтүстік және оңтүстік-батыс бағыттағы желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде күндіз қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Сондай-ақ осы өңірлерде тұман күтіледі. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғып, батыс, солтүстік және шығыста 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында күннің соңына қарай қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Аталған аумақтарда тұман күтіледі. Солтүстік пен шығыста оңтүстік-шығыс желі 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында көктайғақ пен тұман күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде аздаған қар жауып, төменгі боран мен көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Таулы асуларда оңтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, төменгі боран мен көктайғақ күтіледі. Батыс, солтүстік және оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыс бағыттағы желдің екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысында түнде қар жауып, боран мен көктайғақ болады, солтүстік пен шығыста кей уақытта қатты қар күтіледі. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстігінде қар мен төменгі боран жалғасады. Солтүстік пен батыста тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде оңтүстік пен шығыста екпіні 15–18 м/с болады.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде тұман күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде оңтүстік-шығыс желі 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу облысының батысында, шығысында, орталығында және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыс бағыттағы желдің екпіні 15–20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күндіз қар жауып, төменгі боран мен көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с.

Абай облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстігі мен орталығында оңтүстік-шығыс желі 15–20 м/с, ал Жарма ауданында күндіз желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыс бағыттағы жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.