Мексикада пойыз рельстен шығып кетіп, 13 адам қаза тапты

Фото: ашық дереккөзден алынды

Мексиканың Нисанда ауданында жолаушылар пойызы рельстен шығып, ірі апат болды.

Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тауып, 98 жолаушы жарақат алды.

Әскери-теңіз күштері министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетілуде. Кейбірінің жағдайы ауыр. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр.

Оқиға бойынша тергеу басталды.