Президент «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын бекітті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді.

Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған.