Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдан бастап зейнетақы, балаға берілетін жәрдемақы мен мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақысы қалай өсетінін есептеп көрсетті.
Айта кетейік, «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10% көбейеді.
Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- 2025 жылы 171 588 теңге зейнетақы алып жүрген азаматтар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 192 816 теңге зейнетақы алады;
- 2025 жылы 63 030 теңге жәрдемақы алып жүрген 4 баласы бар отбасылар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 69 330 теңге жәрдемақы алады
- 2025 жылы 157 280 теңге жәрдемақы алып жүрген 10 баласы бар отбасылар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 173 000 теңге жәрдемақы алады;
- 2025 жылы 101 702 теңге жәрдемақы алып жүрген I топтағы мүгедектігі бар адамдар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 111 872 теңге;
- II топтағы мүгедектігі бар азаматтар 81 362 теңгенің орнына 89 498 теңге;
- III топтағы мүгедектігі бар азаматтар 55 474 теңгенің орнына 61 021 теңге жәрдемақы алады.