Маңғыстау облысында заңсыз киік тасымалдаған күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

 

24 желтоқсан күні Бейнеу ауданының полиция бөліміне белгісіз екі адамның Боранқұл елді мекенінің маңында заңсыз киік тасымалдап жүргені туралы ақпарат түскен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енді.

25 желтоқсан күні сағат 00:30 шамасында Боранқұл ауылында тұрғынның ауласында тұрған автокөлікке тінту жүргізілді.

Автокөліктің артқы жүксалғышынан сирақтары кесілген, ішек-қарны алынған 8 бас киіктің өлексесі табылды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.