Шығыс Қазақстан облысында мешітке тегін тамақ алуға барған әйел қызметтік бөлмелерге кіріп, заттарын тонаған.
Полицияға облыс орталығындағы мешіттердің бірінен 400 мың теңге тұратын Asus ноутбугінің жоғалғаны туралы арыз түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы әйел ұсталды. Барлық жағдайда күдікті бірдей тәсілмен әрекет еткен.
– Ол тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерден ұрлық жасаған. Кейіннен ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, – делінген облыстық ПД хабарламасында.