Алматыда адамдарды ұрлап, мүлкін күштеп тартып алған күдікті қамауға алынды

Алматыда адамдарды ұрлап, мүлкін күштеп тартып алған күдікті қолға түсті. Ауыр қылмыстарға қатысы бар деп айыпталған Ресей азаматы Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Ол үш жылдан бері бой тасалап, жасырынып жүрген. Халықаралық іздеуге салынған. Биыл қыркүйекте Грузияда қолға түсіп,  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталушы 7 жылдан 12 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.  

ЕРЛАН ЖАНПЕЙСОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады. Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді.