Оралдық еріктілер қала базарларын аралап, тазалық сақтауға шақырды. Өйткені ашық аспан астында сауда көрігін қыздырғандар мұны ескере бермейді. Қазір орталық базардың айналасы қарбалас. Келушілердің бәрі алдағы мерекенің қамымен жүр. Осыны алға тосқан жастар сауда орындарының иелеріне айналасын қар мен мұздан тазалап, мұнтаздай қылуын ескертті. Кәсіпкерлерге тазалық сақтау туралы ескерту парақшаларын таратып, базар маңы мен жаяу жүргіншілердің жолы таза болуын, осылайша келушілерге қолайлы жағдай жасауды ұсынды. Осылай үндеу тастаған еріктілер жүздеген сауда нүктесін аралап шықты. Өңірде "Таза Қазақстан" акциясы тұрақты ұйымдастырылып келеді, жыл басынан бері бұл игі іске мыңға тарта мекеме ат салысыпты.
НҰРСҰЛТАН СӘРСЕНБАЕВ, БҚО ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Шаралар қыс бойы жалғасады. Бұдан бөлек, жалпы студенттермен, жастармен, түрлі мекемелермен, жұмыс орындарымен де осындай түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады. Өйткені "таза Қазақстан" деген тек қана қоқыс жинап қою емес, бұл - түпсананың тазалығы, жалпы адамның өзінің таалығы деген сияқты, қоғамның тазалығы.