Қазақстандық ғалым қант диабетінің емін тапты

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2025

Қазақстандық ғалым қант диабетінің емін тапты. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің зерттеушісі Айжамал Байсейітова цикорий өсімдігінің емдік күшін ғылыми тұрғыда дәлелдеп шықты. Елімізде қант диабетіне шалдыққан  558 мыңнан астам адам  есепте тұр. Цикорий, яғни шатыр шөп  қандағы қант деңгейін төмендетіп, ағзаны стрестен қорғайды дейді ғалым.  Инновациялық жоба патенттелді. Көп ұзамай цикорийден жасалған отандық емдік шайлар мен дәрумендер дәріханаларда сатыла бастайды.

АЙЖАМАЛ БАЙСЕЙІТОВА, ҒАЛЫМ:

Негізінен цикорий бізде адамның денесін тынықтыратын және бауырдың ауруларын бәсеңдететін шәйлердің бірі болып табылады. Оны кофенің орынына қолдануға болады.Себебі біздің күшімізді энергиямызды күш қуатымызды арттырады, бірақ диабетке қарсы реативтілігі зерттелмегендіктен біз соны бірінші рет зерттеп отырмыз.