«2025 жыл елімізде саяси реформалардың жаңа кезеңінің басталуымен есте қалды». Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жылдың қорытындысын жариялады. Биыл ішкі саясатты жүйелеу, ортақ құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы жұмыс жалғасын тапты. Сыртқы ахуалдың күрделі болуына қарамастан, экономика тұрақты өсім көрсетті. Әлеуметтік, инженерлік және жол инфрақұрылымын жаңғырту ісі қарқын алды. Құқықтық тәртіпті нығайту, еңбек құндылықтарын ілгерілету, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру Мемлекет басшысы айқындаған күн тәртібінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
Жалпы алғанда, 2025 жылды жекелеген реформалар мен бағдарламалардан Қазақстанның тұтас әрі үйлесімді даму моделіне сапалы көшу кезеңі ретінде сипаттауға болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы елімізді өркендеудің жаңа әрі орнықты күре жолына шығарады. Институционалдық өзгерістердің, экономикалық өсімнің және жаңа қоғамдық этиканың үйлесімі мемлекеттің алдағы тұрақты ілгерілеуіне берік негіз қалайды.