Жылан жылы несімен есте қалады?

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2025

2025-тұрақты, табысты жыл болды. Республикалық социологиялық сауалнамаға қатысқандардың дені жылан жылын осылай бағалаған. Мемлекет басшысының халықаралық сапарлары, Димаштың әлемдік жетістігі, футболдан Қайрат пен Реал ойыны қоғамның қызығушылығын туғызған.  Қазақстандықтар еліміз дұрыс бағытпен дамып келеді деп есептейді. Жалпы жыл соңында  әрбір адам он екі айда мен не істедім, қандай жетістікке жеттім деп, өзіне-өзі есеп береді. Қуанышы мен қиындығы қатар жүретін  өмірде жылан жылы біреуге бақыт сыйласа, енді біреуге жаңа бағыт таңдауға мүмкіндік берді.  Қала тұрғындары үшін 2025 жыл қандай ерекшелікпен есте қалмақ? Әріптесім Айғаным Тұрысбек білді. 

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

Жылдың соңғы күндері- ой елегінен өткізіп, жоспар құратын уақыт. Әркім бұл жылды өзінше қорытындылап, алдағы күндерге жаңа мақсаттар қояды. Бірі үшін бұл табыс пен жетістікке толы кезең болса, енді бірі үшін жаңа бастамаларға жол ашқан жыл. Ендеше, қала тұрғындарынан сұрап көрейік 2025 жыл несімен есте қалды?

БЛИЦ:

- Астана мен Ақтөбенің ойнағаны және Қайрат пен Реал мадридтің ойыны

- Димаштың жетістіктері есте қалды

- Международные отношение құрып жатыр біздің президент.

Жылдың мазмұнын кейде бір ғана сөзбен сипаттауға болады. Қала тұрғындары үшін 2025 жыл  қалай өрнектелді?

БЛИЦ:

- Мүмкіндіктер

- Тыныштық

- Рақмет, благодарность

- Жетістіктер

- Табысты жыл деп айтар едім

Жыл қорытындысы - тек елдік емес, жеке жетістіктерге де көз жүгіртетін сәт. Көпшілік үшін жылан жылы маңызды белестермен есте қалған.

БЛИЦ:

- Астанадан үй алдым

- Машина алдым

- Сабағымды жақсарттым

- Немерелі болдым

- Пәтер алдым

- Нашла хорошую роботу

Жаңа жыл - жаңа мүмкіндіктерге бастайды. Әр адам  үкілі үмітпен, жоспармен қарсы алады. Ал сіз жаңа жылдан не күтесіз?

БЛИЦ:

- 2026-дан отбасылы болуды күтем

- Шағын бизнес ашсам дейм

- Спортпен айналысуды

- Профисиональный парашютист болу

- Жақсылық күтеміз. Жоспарлар құпия.

Жаңа жыл қарсаңында айтылған әр тілек- болашаққа жолданған ақ ниет.

БЛИЦ:

- Келер жылды барлығы жақсы болсын. Ұрпақтар өсіп өне берсін.

- Жаңа жылда тек жақсы жаңалықтар болсын.

- Жаңа жыл құтты болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, еңбектеріміз табысты отбасымызда аманшылық болсын.

- Молшылық берсін. Бейбітшілік заман болсын. 

Еліміз үшін тарих қойнауына кіргелі тұрған жылан жылы түрлі эмоция мен маңызды сәттерге толы болды. Ал табалдырықты аттар жылқы  жылына  тілек -тыныштық, тұрақтылық және жарқын болашақ!