Ақтөбеде 12 адам көз жұмған жол апатына қатысты сот ісі тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2025

Ақтөбеде 12 адам көз жұмған жол апатына қатысты сот ісі тоқтатылды.  Қайғылы оқиға осыдан екі ай бұрын Қарабұтақ ауылы мен Хромтау қаласының арасындағы тас жолда болды.  Жолаушылар мінген «Газель» автокөлігі Белқопа ауылы маңында қарсы бағыттан шыққан жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Сотта жол-көлік оқиғасының себептері жан-жақты қаралды. Апатқа себепкер жүк көлігінің 31 жастағы  жүргізушісі — Өзбекстан азаматы. Айыптау актісі бойынша ол жылдамдықты асырған. Қорғаушы күдіктінің көз жұмғанына байланысты істі  тоқтатуды сұрады. Судья  қылмыстық істі өндірістен тоқтату туралы үкім шығарды.