ҚАЗАҚСТАНДА ОБЫРДАН БОЛАТЫН ӨЛІМ БЕС ЖЫЛ ІШІНДЕ 20%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім 20%-ға төмендеді. Мұндай нәтижелерге 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде қол жеткізілді.

Негізгі нәтижелер

* 2025 жылы обырдың 42 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді (анықтауды жақсартудык есебінен 5 жылдағы орташа көрсеткішке+7,8%).

* Динамикалық бақылауда-246 205 пациент, оның 55%-дан астамы еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

* 5 жыл немесе одан да көп өмір сүретін пациенттердіғ үлесі 63%-ға дейін өсті.

* Ерте диагностика деңгейі 33%-дан асты.

* Өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 61 жағдайға дейін төмендеді.

 Не істелді

* Онкологиялық қызметке 30,4 млрд теңге бағытталды.

* 6 жаңа сызықтық үдеткіш енгізілді, сәулелік терапиямен қамту 61%-ға жетті.

* Емдеудің заманауи әдістері енгізілді: адаптивті және 4D-сәулелік терапия.

* Қызылорда мен Ақтауда 2 ПЭТ/КТ орталығы ашылды.

* Мақсатты және иммундық-онкологиялық препараттарға қолжетімділік кеңейтілді (7 атау).

* 17 онкология орталығында Госпитальдық фармация орталықтары жұмыс істейді.

* Асқазан-ішек жолдарының обырын ерте анықтау үшін 19 эндоскопиялық сараптама орталығы құрылды.

Алдын алу және қол жетімділік

* Онкоскринингтер барлық сақтандырылмаған халыққа қолжетімді.

* 2026 жылдан бастап төмен дозалы КТ және ЖИ қолдану арқылы өкпе обырының пилоттық скринингі басталады.

* Шалғай өңірлерде жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істейді, олардың желісі кеңейіп келеді.

Кадрлар және халықаралық тәжірибе

* Түркия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қырғызстанның жетекші онкология орталықтарымен ынтымақтастық орнатылды.

* 35 маман шетелде оқудан және тағылымдамадан өтті.

Кешенді жоспарды іске асыру алдын алу мен ерте анықтаудан бастап жоғары технологиялық емдеумен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге дейінгі жүйелі тәсілді құруға мүмкіндік берді.