Мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.

Қатысушы елдердің өтінімдері Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайтында жарияланған.

Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда ел намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников қорғайды. Никита Кривошеев пен Артур Смагулов - қосалқы спортшылар.

Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Софья Самоделкина мен Амира Ирматова өнер көрсетеді.

Мұздағы би бағдарламасында Қазақстан атынан Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев бақ сынайды.

Айта кетейік, турнир 21-25 қаңтар аралығында өтеді.