Өткен жылдың 11 айында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі 7 467 926 шақыртуға қызмет көрсетті. Шақыртулардың жалпы санынан 1 375 401-ге емханалар жанындағы мобильдік бригадалар, қалғандарына жедел медициналық жәрдем қызметі жәрдем көрсетті.
Ең көп шақыртулар Алматы қаласында, Түркістан облысында және Астанада тіркелді.
Шақыртулардың ең үлкен үлесі:
● тыныс алу ағзаларының аурулары – 1 778 189 (23,8%);
● жүрек-қан тамырлары аурулары – 1 434 483 (19,2%);
● басқа аурулар – 1 249 223 (16,7%);
● жарақаттар, уланулар және жазатайым оқиғалар - 735 183 (9,8%), соның ішінде ЖКО – 40 972;
● неврологиялық аурулар – 714 915 (9,6%).
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша сәтті реанимация көрсеткіші 8,2%-ға өсіп, 60,3%-ды құрады.
Шұғыл санат бойынша ЖМЖ бригадасына шақыртуды берудің орташа уақыты 1,7 минутты, жеделділіктің бірінші санаты бойынша жетудің орташа уақыты – 8,8 минутты құрайды.
Есепті кезеңде жарақаттар бойынша 685 503 шақыртуға, оның ішінде ЖКО бойынша 40 972 шақыртуға қызмет көрсетілді. ЖКО салдарынан 52 097 адам зардап шекті, оның 64,3%-ы стационарларға жеткізілді. Қаза тапқандардың үлесі зардап шеккендер санының 2,4%-ын құрады. Жол-көлік оқиғасы кезінде жетудің орташа уақыты-8 минут.
Жіті миокард инфарктісі бойынша 27 378 шақыртуға қызмет көрсетілді. Тромболитикалық терапия көрсетілген жағдайлардың 89,9%-ына жасалады.
Инсульт бойынша 52 207 шақыртуға қызмет көрсетілді. Нормативтік мерзімде инсульт орталықтарына емдеуге жатқызу қаладағы пациенттердің 97,9%-да және ауылдық жерлерде 88,5%-да қамтамасыз етілді.
Еліміз бойынша бір ауысымда 1 618 көшпелі бригада, оның ішінде 258 мамандандырылған дәрігерлік және 1 360 фельдшерлік бригада жұмыс істейді. ЖМЖ қызметінің кадрлармен қамтылуы 86,8%-ды: дәрігерлермен – 74,8%, орта медицина қызметкерлерімен-88,1%-ды құрады.