Мемлекет басшысы архив ісі туралы заңға қол қойды. Норма саладағы заңнаманы жетілдіріп, мемлекеттік архивтің мәртебесін арттырады. Нақтырақ айтсақ, архивтерге "Ұлттық" мәртебесі беріледі. Бұл өз кезегінде мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік ашады. Құжат Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмаларды орындау мақсатында қабылданды. Жаңа заң тарихи-мәдени мұраны сақтап, жеке деректердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін маңызды. Әрі цифрлық архивті қалыптастыру үшін құқықтық негіздерді айқындайды.