Павлодарлық 9 жасар Ясмина аттың құлағында ойнайды

Қазақ халқы баласы ер жетіп, өз қолы, өз аузына жеткенде «ат жалын тартып мінді» деп қуанады. Бұл баланың өсіп қалғанын білдірсе керек. Алдағы жыл -жылқы жылы. Жылқы жылында аттың құлағында ойнайтын шабондоз қыз баламен таныс болыңыздар. Ясмина Қожанова – 9 жаста. 6 жасынан атқа қонған. Тақымы берік. Жылқы десе, ішкен асын жерге қояды. Оқудан кейінгі бос уақытын осы атбегілікке арнайды. Жүйрік жаратуға көмектеседі. Аттардың жем-суын береді.  Атқа деген құмарлық әкесінен дарыса керек. Атқа мінуді де әкесі үйретіпті.  Қыз бала болса да, ұлдардан қалыспайды. Бәйгелерге қатысып, шабандоз қыз атанып жүр.

ЯСМИНА ҚОЖАНОВА, ШАБАНДОЗ:

Жылқыға көп сенуге болады. Айтсаң бірдеңе ол айтып қоймайды кейбір адамдар құсап. Атпен серуендегенде ол жарты жолда тастап қоймайды. Ол адамға еркіндік сыйлайды.