Қызылордада жаңа жыл қарсаңында 120 отбасы баспаналы болды. Барлығы -бірнеше жыл пәтер жалдап, үй кезегін күтіп жүрген азаматтар. Мерекеде жаңа баспананың кілті қолына тиген түғындардың қуанышында шек жоқ. Солардың бірі - Нұрғалиевтер отбасы. 5 бала тәрбиелеп отырған жанұя пәтерді арнайы бағдарламамен алған.
БЕРІК НҰРҒАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Пәтерден пәтерге көшіп жүр едік, бүгін мынау күтпеген жерден қуанышты жағдай болып жатыр. Үй әдемі көңілімнен шықты. Бәріне осындай баспана үйі жоқтарға жұғысты болсын. Әр халқым, қазағым осындай баспаналы болуына тілектеспін.