Жетісу облысының Алакөл ауданында Көктұма станциясынан шамамен 10 км жерде ауыл арасындағы жолда жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Көлік ішінде 4 ересек адам болған.
ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге – Көктұма ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді:
– қолайсыз ауа райында жолға шықпауға,
– алдын ала ауа райы болжамын және жол жағдайын тексеруге,
– алыс сапарға шығарда байланыс құралдарын дайындауға кеңес береді.