Халыққа қызмет көрсету орталықтарының демалыстағы жұмыс кестесі қандай?

Фото: gov.kz

Жаңа жылдағы мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі жарияланды.

2026 жылдың 1-2 қаңтарында, сондай-ақ 7 қаңтар күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жабық болады. «Сенбі, 3 қаңтар күні кезекші орталықтар таңғы сағат 09.00-13.00 аралығында жұмыс істейді. Ал, 5 және 6 қаңтар күндері орталықтар әдеттегідей ашық болады», - деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы.