Еліміздегі барлық бағыт бойынша пойыздар жаңа жылдық мерекелерде штаттық режимде тәулік бойы жұмыс істейді. Ал теміржол вокзалдарында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 40 билет кассасы 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні де қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Пойыздарға 81 пойыз бригадасы мен 1 600-ден астам жолсерік тартылады. Сондай-ақ жүк қозғалысының 1 685 машинисі, 357 жолаушылар пойызының машинисі және 698 шаруашылық және маневрлік қозғалыс машинисі түнгі кезекшілікке түседі», - делінген хабарламада.