Қазақстандықтар смартфон арқылы 25,7 млн-нан астам мемлекеттік қызмет алды

Фото: pixabay

2025 жылдың басынан бері қазақстандықтарға онлайн форматта 51,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның шамамен жартысы eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы алынған.

Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90%-ға жуығы онлайн қолжетімді.

2025 жылы азаматтарға 220-дан астам цифрлық сервис пен мемлекеттік қызмет қолжетімді болды.