Синоптиктер 2026 жылдың қаңтарына арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: pixabay

Республика аумағының барлығында айлық орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С-қа жоғары болады.
Ал жауын-шашын Павлодар облысында, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстарының солтүстік-шығысында, Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстік жартысында, Түркістан облысы мен Жетісу облысының оңтүстік-шығысында көбірек жауады.