ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылғанын хабарлады.
4 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған:
Батыс Қазақстан облысы:
- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 189-492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін);
- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-526 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).
Жетісу облысы:
- «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық стансасы).
Ақтөбе облысы:
- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығы (Батыс Қазакстан облысының шекарасынан Қобда елді мекеніне дейін).
Атырау облысы:
- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 179-189 шақырым аралығы (Индербор кентінен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).
Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 762 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.