Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне сұхбат берген сырттағы ағайынның тарихи Отанына оралғанын құптайтынын айтты.
- Әрине, мен сырттағы ағайынның тарихи Отанына оралғанын құптаймын. Бірақ олардың қоғамымызға дұрыс кірігуіне қатысты мәселелерді шешу қажет. Былтыр Қазақстанға 16 мыңнан астам қандас көшіп келген. Соның ішінде еңбекке жарамды азаматтардың он бес пайызының ғана жоғары білімі бар. Сол себепті көбі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделу барысында қиындықтарға тап болады. Олар негізінен Алматы облысының халық көп тұратын аудандары мен ауылдарына және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына қоныстанған. Орталық және жергілікті билік, сондай-ақ, құқық қорғау органдары бұл жағдайға назар аударуға мәжбүр болып отыр, - деді Мемлекет басшысы.