Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды,-деп хабарлайды Astana TV.
Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 10:15-те Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі тіркелді.
Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 болды.