1 ай бұрын дүниеге келген үшем үйіне шығарылды. Ауыр жағдайда болған ана мен перзенттері бұған дейін дәрігерлердің жіті бақылауында болды.
Алғашында сәбилердің салмағы 1300-1500 грамм аралығында болған. Қазіргі уақытта олар салмақ қосып, 2300 грамға дейін жеткен.
Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, былтыр қалада 27 457 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 286 егіз және 5 үшем бар.