«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Таушелек орманшылығы аумағында, Шелек өзенінің бойында мемлекеттік инспекторлар Омар Әміриев пен Дүйсен Келдәулет кезекті рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануардың ізін, сондай-ақ таутекелер мен бұғы-маралдарды ұялы телефонға түсіріп алған.
– Мұндай кадрлар – ұлттық парктің табиғи байлығы сақталып, жануарлар әлемінің тұрақты мекендеп жатқанын көрсетеді. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз, - делінген бейнежазба мәлімдемесінде.