Қостанайда қар тазаламаған кәсіпкерлерге әкімшілік хаттама толтырылуда

Қостанай полицейлері «қармен күрес» шарасын қолға алды. Сақшылар абаттандыру қағидаларына сүйене отырып, аумағындағы ақ ұлпаны аршымаған кәсіп иелерін жауапкершіліке тартады. Бұл күндері коммуналдық мекемелер күшейтілген режимге көшкен.Тәулік бойы қалың қарды қала сыртына тасып жатыр. Алайда аумағындағы ақ ұлпаны аршуға асықпай отырған кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер жетерлік. Полицейлер  түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соған ескерту жасалады. Оны елемеген жағдайда әкімшілік хаттама толтырылады. Қазірдің өзінде жүзге жуық кәсіпкер мен 90 тұрғынға айыппұл салынды.

РАМАЗАН ӘЛІШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ОҢТҮСТІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:

Құқық бұзушылықтың 505 бабы бойынша айыппұл салынады. Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Рейд одан ары болады.Қардың қалың түсуіне байланысты жеке кәсіпкерлерден өз аумақтарын тазалауды сұраймыз.