Қызылордада анасы мен қызын өлтіріп кетті

Қызылордада анасы мен 34 жастағы қызы кісі қолынан қаза тапты. Оларды өз пәтерінде пышақтап кеткен.   Полиция департаментінің мәліметінше, қанды қылмыс туралы марқұмдардың көршілері хабарлаған. Күдікті -сол көшенің тұрғыны. 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейді.