«Әлеуметтік әділеттілік – мемлекеттік саясаттың ажырамас бағыты» – Р. Мирзоев

Геосаясат сәт сайын құбылған шақта Қазақстан әлеуметтік әділеттілікті нығайтты. Заңсыз активтерді мемлекетке қайтарып, жемқорлықпен күрестің жаңа жүйесіне көшті. Әрі азаматтардың тең мүмкіндіктер әлемінде өмір сүруіне барынша жағдай жасау үшін ауқымды рефоромалар даярлануда. Жаңа өзгерістерді алдын-ала халықпен талқылау аса маңызды» - дейді, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық қорының төрағасы Рафик Мирзоев.

РАФИК МИРЗОЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президенттің «Алатау сити» жобасы болашақтың үлгісіне айналарына сенемін. Бұл әлемдік деңгейдегі цифрлы қала болатыны анық. Соның арқасында біз қолымыздан бәрі келетінін дәлелдейміз. Мемлекет басшысы алға қойған реформаларды халыққа, жастарға түсіндіру біз секілді қоғамдық белсенді азаматтардың мойнында деп білемін. Ел дамуына үлес қосатын бастамаларды қолдауымыз керек. Жұмсақ күш - мейірімділік пен бірлікті ту етіп, әрқайсымыз еліміздің патриоты болсақ, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекет боламыз. Әсіресе, жастарға мол сенім артамыз.