10 қаңтар сағат 21:45-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Ақтөбе облысы:
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысы:
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Жолды 2026 жылғы 11 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.