ТЖМ тікұшағы ШҚО-да шұғыл жеткізуді жүзеге асырды.
ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Сергей Пинигин мен Бауыржан Бутенбаев санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Кудербаева және Бек Асаубаевтың сүйемелдеуімен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж пациентті тікұшақпен Риддер қаласынан Өскемен қаласына жедел жеткізді.
Ұшқыштар мен дәрігерлер командасы қауіпсіз ұшуды қамтамасыз етіп, пациентті облыс орталығындағы медициналық мекемеге жедел жеткізді.
Санитарлық авиация адамдарға жедел көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.