Қызылордалық оқушылар халықаралық стандарттарға сай жабдықталған мектепте білім алады

Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің оқушылары енді аспан әлеміне саяхат жасап, ғарыштың қыр-сырын зерттеуге мүмкіндік алды. Шағын зертханада оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына толық мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ, барлық пәндік кабинеттер де заманауи құрылғылармен жабдықталды. Оған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы 245,6 млн теңге бөлінген. Арал ауданының ең шалғайында орналасқан Жалаңаш ауылының балалары да жаңа, соңғы үлгідегі мектепте оқитын болды. 150 орындық білім ордасы «Келешек мектептерінің» сандартымен салынған.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Шалғай аудандарда халықаралық стандарттардың негізінде салынған мектептердің болуы бұл білімнің сапасын көбейтуге негізгі көрсеткіштердің бірі. Ұстаздарымыздың алдағы уақытта ауылдық жерге келіп жұмыс жасауына үлкен мативация деп санаймыз. Қызылорда облысы бүгінгі таңда білім сапасы тұрғысынан, білім инфрақұрылымы, объектілердің салыну тұрғысынан көш басында.