Астанада асханадан өрт шықты

Фото: скриншот

Астана қаласының ТЖД бөлімшелері Сарыарқа ауданында, Сарыарқа даңғылында өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша барған.

Оқиға орнына бірінші бөлімше келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасының жарқылы болған. Өрт сөндірушілер ТҚКО жапсарлас салынған бір қабатты асхана газ ауа қоспасының тарсылынан кейін желдету жүйесінде өрт шыққанын анықтады.

ТЖМ күштері өрт сөндіру кезінде үш газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби қызметінің нәтижесінде өрт шағын алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.