Мәжіліс депутаттары өнеркәсіп нысандарын аралады

Үш жыл бұрын Оралда құрылған аймақтық хабта 15 стартап жоба қолдау тауып, бірқатары қолданысқа енгізілген. Әсіресе шет тілін меңгертетін онлайн-платформа мен қалааралық жолаушы тасымалына қызығушылық жоғары болған. Жергілікті стартаптарды қолдайтын BATYS HUB инновациялық орталығы аймақ экономикасын әртараптандырып, технологиялық тұрғыдан дамытуға жағдай жасайды. Бүгінде оралдық жастар мұнда мобильдік қосымша жасап, веб сайт ашуды үйреніп жатыр. Ал биылдан бастап жасанды интеллектіні дамытуға басымдық беріледі. Аймақтық хабтың жұмысымен танысқан Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева бұл істің маңызды екеніне тоқталды.

СНЕЖАННА ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл - біздің өңірімізге, республикамызға өте маңызды жоба. Президент өзінің сөзінде айтты: осы жылы цифрлық жобаларға, жалпы цифрдың дамуына үлкен көңіл бөлеміз деген. Онлайн төлемдер, цифрлық қызметтердің барлығы біздің күнделікті өмірімізге енді. Сондықтан осындай хабтар осы саланы дамытуға одан да үлкен серпін беруге арналған.

Ал Шымкенттен шығатын шұлыққа алыс-жақын шетелдерден сұраныс жоғары. Отандық өнімді өндіріп отырған мекеменің жұмысымен  Мәжіліс депутаттары арнайы танысты. Фабрика 2024 жылы іске қосылған. Жобаны жүзеге асыруға 6,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 50 млн жұп шұлық өнімін шығаруға мүмкіндік береді. 500 орындық кәсіпорында дәл қазір 260 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Жеңілөнеркәсіп толықтай автоматтандырылған. Қазіргі таңда зауыт өнімдерінің 90 процентін экспорттайды. Мәжіліс депутаты Данабек Исабек мұндай жобалардың қала әлеуетін көтеруде маңызы зор дейді. Ол осындай жобалар арқылы қара нарықты тоқтату керек деді. 

ДАНАБЕК ИСАБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Таможнямен ертең барғаннан кейін біз запрос жасаймыз. Қалай кіріп жатыр? Олар кіріп, біздің қазіргі шұлықтардың бағасынан төмендеу реализацияға беріп жатыр дейді да, оларды сақтандырып мысалыға. Экспортерларға сақтандыру жұмыстары жүріп жатыр, біз де солай жасай аламыз деп жатыр бұл кісілер. Ертең барғаннан кейін оны осы мәселені біз көтеретін боламыз. Қара нарықта қалай кіріп жатыр.